«Саралап оқыту әрекеті-алуға бағытталған әрекет» семинар-практикум

Алға  аудандық  білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 09 ақпан күні 2019ж.  бастауыш класс мұғалімдеріне  арналған  «Саралап оқыту әрекеті-алуға бағытталған әрекет» тақырыбында өткен семинар-практикумы өткізілді. Семинарға аудан мектептерінің бастауыш кластар бойынша әдіс бірлестік жетекшілері мен бастауыш класс мұғалімдері қатысты.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Тургалиевна     семинар-практикумды  ашты. АББ әдіскері  Г.Сапаргалиева аудан бойынша білім саласындағы жаңалықтармен таныстырып жалғастырды. Семинар-практикум бағдарламасына сәйкес №3 Алға қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Л.Қ.Наурыз «Жаңартылған  білім беру мазмұнын жүзеге асыру  жағдайында саралап оқытуды ұйымдастыру»     , 3 класс математика пәні «Санның кубы»  тақырыбында Тамды орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі  Қ.Кулбаева, .№3 Алға қазақ орта  мектебінің бастауыш класс мұғалімі Д.Муханова әдебиеттік оқу сабағында  саралап оқыту, Бестамақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі А.Карабатырова  қазақ тілі сабағында саралап оқыту туралы түсінік беріп, «Етістік» тақырыптарында  практика түрінде  өз тәжірибелерімен  бөлісті.