«Ең үздік- біздің тобымыз» атты аудандық сырттай байқауы

Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың қаңтар айында мектеп жанындағы шағын орталықтар арасында «Ең үздік- біздің тобымыз»      аудандық сырттай байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: топтағы заттық – кеңістік дамытушы ортаны жетілдіру, мектепке дейінгі жастағы балалардың оқу- тәрбие үрдісіне қолайлы жағдайлар      жасау.

Міндеттері:

-   Балалардың жас ерекшелігі мен жеке ерекшеліктеріне сәйкес пәндік – кеңістік дамытушы ортасын ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді тәжірибеге енгізу;

-   Тәрбиешілердің педагогикалық шеберлігін танытуға және олардың шығармашылық белсенділігін ынталандыруға мүмкіндік беру.

Байқауға аудан бойынша 15 шағын орталықтан 12 тәрбиешінің жұмыстары (видеоролик)  қабылданды.

Байқау материалдары төмендегідей критерийлер бойынша бағаланды:

-               топтағы заттық- кеңістік дамытушы ортаның балалардың жас ерекшелігіне сәйкес болуы;

-               топтың қауіпсіздігі, безендірудегі эстетикалық және өзіндік ерекшелігі;

-               ойын және дидактикалық материалдардың түрлілігі және қолжетімділігі.

   

    Байқау жеңімпаздары аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды:

    1 орын – Ақырап НМ, Бердібаева Алтынай Алмаскеновна

    2 орын – Тамды орта мектебі, Қазыбаева Гүлбақыт

    3 орын –  А.Байтұрсынов ат. ОМ, Балменова Үмит, Жолдасова Гульнур

    « Шығармашыл тәрбиеші» номинациясы – Данаева Ғалия, Тоқмансай негізгі мектебі, Кульмагамбетова Зауре, Талдысай негізгі мектебі