«Балабақшадағы дене шынықтыру және сауықтыру шаралары» семинар – практикум

Алға  аудандық білім бөлімінің жоспарына сай  2019 жылғы 1ақпан күні №1 «Еркетай» Алға бөбекжай- балабақшасының базасында іс- тәжірибе алмасу мақсатында

«Балабақшадағы дене шынықтыру және сауықтыру шаралары»  тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтарға арналған ауданаралық семинар- практикум  өткізілді. Семинарға ауданның шағын орталық, балабақша дене шынықтыру нұсқаушылары мен тәрбиешілері және Мұғалжар ауданының тәрбиешілері қатысты.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Ш. Бектурганова семинар – практикумды ашып, балабақша бүлдіршіндері музыкалық сәлеммен жалғастырды.  Семинар- практикум бағдарламасына сәйкес   №4 «Балбөбек» бөбекжай- балабақшасының тәрбиешісі Досова Гульзия Зейновна «Дене шынықтыру оқу қызметінің және сауықтыру шараларының ұйымдастырылуы», №1 «Еркетай» Алға бөбекжай- балабақшасы, Есеналина Жанна Сериковна «Қыс мезгіліндегі таза ауада денешынықтыруды ұйымдастыру» тақырыптарында өз тәжірибелерімен теория, «Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы,  Нұрмұхан Балауса Өтегенқызы « Көңілді достар» , Қасиет АБИ» ЖШС-нің «Балдырған» балабақшасы, Бисенбаева Жанар Сағынғалиқызы «Денсаулық – өмір гүлі» , №1 «Еркетай» Алға бөбекжай- балабақшасы, Жұмағалиева Гүлсезім Талғатқызы «Мектепке дейінгі балаларға арналған стретчинг жаттығулары» тақырыптарында практика түрінде өз тәжірибелерімен бөлісті.